Павлодарский филиал АО

"Национальный Центр

Экспертизы и Сертификации"

Cтандартизация, метрология и сертификация продукции, услуг, систем менеджмента и других услуг

Телефон:

8 (7182)-390-688

ҚР СТ ISO 9001, ҚР СТ ISO 14001 стандарттарының жаңа нұсқасына көшу

« Назад

28.02.2018 08:03

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ҚР СТ ИСО 9001-2009 және ҚР СТ ИСО 14001-2006 стандарттарының орнына олардың жаңа нұсқалары болып табылатын ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар», ҚР СТ ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық» стандарттары қолданысқа енгізілгенін еске саламыз.

Жоғарыда аталған стандарттардың жаңа нұсқасына көшуге берілген уақыт жақындап келе жатыр. Осыған байланысты мекемелерге сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелерінің құжаттарына стандарттардың жаңа нұсқаларының талаптарына сәйкес түзетулер енгізіп, стандарттардың жаңа нұсқасына көшу уақытын белгілеп, бұл мәселені сертификаттау органымен талқылап, келісуге кеңес береміз. Стандарттардың жаңа нұсқасына көшу жолы барлығына ортақ болғанмен, кейбір сертификаттау органдары бұл процесске өзіндік ерекшеліктерін енгізеді, сондықтан, жағымсыз тосын жайттарға кез болмас үшін, бұл ерекшеліктермен алдын ала танысып, ақылдасып алған жөн.

Стандарттардың жаңа нұсқасына көшу – оңай емес мәселе болғанмен, бұл жағдай менеджмент жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Стандарттарды әзірлеушілер мекемелердің стандарттардың жаңа нұсқасына көшу процессін аса қиын болмауына барлық күшін салған.

Стандарттардың жаңа нұсқасында едәуір өзгерістер бар, олар тек қана жүйенің құжаттамаларымен ғана емес, сонымен қатар, уақытты талап ететін стратегиялық және ұйымдастырушылық шешімдермен байланысты. Өзгерістер стратегиялық менеджмент, жетекшілік, тәуекелді басқару, жедел басқару, үдерістерістерді басқару және тағы да басқа тармақтарды қамтиды. Стандарттарды бір оқып шығып бұл өзгерістерді түсіну қиын. Бұл орайда тағы да уақыт жөнінде айтамыз, өйткені стандарттардың талаптарын түсіну үшін, қосымша талдау мен зерттеулер жүргізу үшін және оларды нақты салада немесе жағдайда жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Сондықтан, стандарттардың жаңа нұсқасына көшу үшін, стандарттардың бұрынғы нұсқасының талаптарына сәйкес берілген сертификаттарды қайта рәсімдеу үшін мекемелердің алдын ала дайындалғаны жөн.

ҚР СТ ИСО 9001-2009, ҚР СТ ИСО 14001-2009 стандарттарының жаңа нұсқаларын түсіндіруді қажет ететін мекемелердің назарына сала кетсек, «ҰлтССО» АҚ Павлодар филиалында сәуір айында «ҚР СТ ISO 9001-2016, ҚР СТ ISO 14001-2016 талаптарына сәйкес сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелерінің жалпы талаптары» тақырыбына семинар өткізілу жоспаларлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7182) 604948, 390688 (вн.9021, 9025) телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қаласы, Жамбылская көшесі, 2, № 110, 208 кабинеттер, e-mail: smknacekspvl@mail.ru.

                                                                                                                                  Индира Кажахатова,                                                                                                                                   менеджмент жүйесінің сәйкестігін                                                                                                                           растау бөлімінің мониторинг,                                                                                                                                   сәйкестік сертификатын рәсімдеу                                                                                                                           және беру секторының меңгерушісі