Павлодарский филиал АО

"Национальный Центр

Экспертизы и Сертификации"

Cтандартизация, метрология и сертификация продукции, услуг, систем менеджмента и других услуг

Телефон:

8 (7182)-390-688

Құрылыс материалдар өндірісінде өнеркәсіп қалдықтарын қолданудың экологиялық аспектілері.

« Назад

07.04.2016 06:18

Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық және өнеркәсіптік қатынаста Павлодар облысы ең дамыған аймақтардың бірі болып табылады, барлық мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар. Сонымен бірге, облыс территориясында республиканың ұлттық игілік болып табылатын өте бағалы табиғи объектілердің қатары орналасқан. Осы объектілердің экологиялық тұрақтылығынан (және де толығымен барлық экожүйенің) аймақ тұрғындардың саулығы ғана емес, қоршаған табиғи ортаның сапасы да тәуелді.

Павлодар облысындағы қалдықтардың негізгі массасы Екібастұз (47%), Ақсу (26%) және Павлодар (25%) қалаларында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға келеді, облыстың барлық қалған аудандарына қалдықтардың тек қана 2% жуық үлесі келеді.

Өндіріс көлемінің жер-жерде төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіп қалдықтарының пайда болу деңгейі айтарлықтай үлкен. Бұл Павлодар облысы үшін ерекше сипатта, өйткені әлемдегі ең ірі «АЭС СТ Экибастуз» ЖШС (Екібастұздық МАЭС-1) электрстанциясы, «Экибастузская ГРЭС-2» АҚ мен «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ (Ақсу МАЭС) электрстанциялары, «Алюминий Казахстана» АҚ алюминий зауыты, Павлодарлық ЖЭС-2 мен ЖЭС-3, «Богатырь Аксес Комир» ЖШС көмір разрезі мен «Казхром» ТНК АФЗ филиалының ферроқортпа зауыты, «Разрез Северный» мен «Разрез Восточный» ЖШС көмір разрездері, «ПНПЗ-CCL» АҚ мен «Павлодарский химический завод» АҚ зауыттары, «Майкубень Вест» және «Керегетас» СП кен орындары сияқты ірі кәсіпорындар орналасқан.

Сонымен бірге, кәсіпорындардың көпшілігі ондаған жылдар бойы жұмыс істейтінін ескеру қажет, осының нәтижесінде қалдықтардың айтарлықтай көп мөлшерде жинақталуына әкелді. Энергетика және көмір өнеркәсібінің өсіп келе жатқан қалдықтар көлемі көмір разрездеріне, жылу электрстанцияларына, кен орындарға және ірі шахталарға жақын аудандардың экологиялық жағдайын қиындатады. Бірақ, шаруашылық тұрғыдан қарасақ осы қалдықтардың едәуір бөлігін құрылыста, ауыл шаруашылығында (жерді лайсаңдану үшін), сонымен қатар құрылыс материалдар өндірісі үшін іске жаратуға болады.

Облыс территориясында 2011 жылда орналасқан өнеркәсіп қалдықтарының жалпы мөлшері 136719,95 мың тоннаны және қатты тұрмыстық қалдықтар 485,07 мың тоннаны құрады. Осындай мерзімде 2010 жылда өнеркәсіп қалдықтары 194577,09 мың тоннаны және қатты тұрмыстық қалдықтар 533,3 мың тоннаны құрады. Көріп отырғандай, қоршаған ортаға түсірілген қатты қалдықтардың жалпы жылдық көлемінің негізгі бөлігін отын-энергетикалық кешен (ОЭК) кәсіпорындарының – көмір разрездерінің (80 % астам) және жылуэлектрстанцияларының (15,5 %) қалдықтары құрайды. Осы кәсіпорындарда қалдықтардың жинақталуы бойынша мәліметтер 1-кестеде келтірілген.

Өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды сақтау және қайта іске жарату мәселесі әлі де өткір болып қала береді. Сөйтіп, Павлодар облысы территориясында 5 млрд. тоннадан астам қалдықтар жинақталған. Өнеркәсіп қалдықтарын қолдану бойынша динамикасы 1-суретте келтірілген. Сонымен, Павлодар облысының көпшілік ауданы көмір байыту кәсіпорындарының жыныстар үйінділеріне және жылу электрстанциялардың күл үйінділерімен бос емес болғандықтан, басым мәселелерінің бірі оларды рекультивация (жердің құнарлығын қалпына келтіру) болып табылады.

Сол уақытта күл үйінділерінің бөгеттерін әрдайым ұлғайтудан, судың дренажы айтарлықтай жоғарлады. Күл үйінділері айналысындағы аймақ батпақтануынан, жер асты сулар жер бетіне шыға бастады. Бұдан басқа, күлді территориялардың одан әрі шаңдануы жалғасуда. Үйінділердің, коммуникациялардың, дренажды құбырлардың, разрездердің маңындағы ландшафттың және жер бедерінің қайтымсыз ауысуы байқалады. Екіншілік экзогенді үрдістер (су басу, сортаңдану, шаңдану және т.б.) дами түсті. Мүмкін элементтермен және әр түрлі аудандағы қосылыстармен жер асты сулардың ластануы айқындалды.

Екібастұз кен орында көмір байытудың жүзеге асырылатын технологиясы қыртысты жыныстар – өндіріс қалдықтарының айтарлықтай шығуымен бірге жүреді. 01.01.2011 жылда облыста 2,6 млрд. м3 қыртысты жыныстар жинақталған. Жыныстарды орналастыру үшін едәуір жер ауданы талап етіледі. Екібастұз көмір бассейннің қыртысты жыныстар үйінділері 10 мың гектардан астам жерді алып жатыр және 30–40-тан 100м дейін биіктіктігі бар. Олар табиғи ландшафтты бұзады және қоршаған ортаны ластайды.

image001

 

1-сурет – Өнеркәсіп қалдықтарын қолдану бойынша мәліметтер  

Экологиялық мәселенің ішінара шешімінің бірі – бұл облыс кәсіпорындарының қалдықсыз және аз қалдықты технологияға ауысу қажеттілігі. Себебі жыл сайын қайта өнделген өнеркәсіп қалдықтарының 2% ғана қолданылады және тұтынушыларға беріледі.

Осыған байланысты қатты қалдықтарды қайта өндеу бойынша кәсіпорын құрылысы қажет, нәтижесінде облыста бар ресурстарды және кадрлық потенциалды қолданып жаңа өндірісті алуға, жаңа жұмыс орындарды құру мүмкіндігін, қалдықтарды пайдаға жарату және жинақтаудың заманауи технологиясын енгізуге мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, құнды, арзан шикізаттың жаңа көздері және өнімнің жаңа түрлері алынады.

Сөйтіп, келтірілген мәліметтер энергетика мен көмір байыту кәсіпорындарының қатты қалдықтары қоршаған табиғи ортаға кері әсерін төмендетудің жолдарын іздестірудің өзектілігі туралы дәлелдейді.

Отын-энергетикалық кешеннің қатты қалдықтарын пайдаға асыру әдістерінің бірі оларды құрылыс материалдары ретінде немесе оларды алу үшін шикізат ретінде қолдану болып табылады.

Экологиялық мәселенің шешімінен басқа, бұл жол қалдықты өндіруші кәсіпорынның да, қалдықты пайдаға асырушы кәсіпорынның да техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Екіншілік материалдар ресурстарын пайдалану мәселесінің экономикалық мағынасы келесіден тұрады:

  • табиғи шикізаттың жетіспеушілігін толтырып, шикізаттық ресурстарды көбейту;
  • қалдықтар үйінділерімен және қосалқы өнімдермен алып жатқан жердің үлкен аудандарын, соның ішінде ауыл шаруашылығы үшін бағалы жерлерінжоғалтуды алдын алу, сонымен қоймаларды, үйінділерді құруда үлкен шығындардан құтылу;
  • кәсіпорын жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, өйткені көбінесе жағдайларда қосалқы өнімдерді, қалдықтарды қолдану технологиялық процесті қарқындатуға немесе өнімге жаңа технологиялық және пайдаланушылық қасиеттерді береді;
  • кәсіпорынның экологиялық төлемдерін және айыппұл мөлшерін төмендету; экологиялық тепе-теңдікті бұзатын зиянды заттармен қоршаған ортаның ластануын азайту.

1-кесте – Өнеркәсіп салалары бойынша пайда болған, пайдаланылған, қайта өнделген және орналасқан қалдықтар көлемі 

 tabl1

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ

Павлодар филиалының 1-категория  маманы

Бабашева Айнур